Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері жастар мәселесі Елбасының назарынан тыс қалған емес. Осы 30 жылда жастар тәрбиесіне, жастардың қанаттанып, өсіп-өркендеуіне барлық жағдайлар жасалды. Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі, ел ертеңі жастар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да болашақ ұрпақ.

Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін болашаққа жеткізуші көпір. Көпірдің нық салынуы – оған бөлінген қаржы мен сапаға байланысты. Жастардың білім алуы мен іс бастауына қаншалықты мүмкіндігі көп болса, ол соншалықты нық болатыны анық. Болашақтың көпірі, біз, жастар, бар берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, артылған сенімді жауапкершілікпен сезініп, аманат елді болашаққа жеткізу.

Тарихын білмеген елдің болашақты болжай алмайтындығы мәлім. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін өзге де өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих беттерінде тынымсыз дамып келе жатқан ел ретінде қарастыруымыз керек. Бұл бір жағынан болашақ тарихшыларға артылған жауапкершілік болса, бір жағынан болашаққа қадам басудың негізгі жолының бірі. «Рухани жаңғыру» аясында біз бәсекеге қабілетті білім иесі болуға бар күш-жігерімізді салып, өз-өзімізді дамыту барысында елдің ілгері қадам басуына үлесімізді қосу. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, оны заманға сай дамыту да жастарға артылған міндеттердің бірі. Ұлттық кодымызды түгендеп, өркениеті дамыған, көші ілгері жылжыған, алып елдермен тереземізді тең ұстау құқығы барлығымызда да бар. Артылған міндеттер жауапкершілікке адал болып, аманатқа қиянат жасамай елдікті сақтап қалу ең басты мәселеміз болуға тиіс. Өнімнің дұрыс шығуы егілген егінге байланысты болғандықтан, жастар үшін, олардың алаңсыз білім алуы үшін мемлекет барынша жағдай жасауда. Болашақтың іргетасын қалау мақсатында игі шаралар атқарылуда. Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып, әрбір азаматтың көшбасшы болуға атсалысуында. Бәсеке мен озық білім бар жерде ілгері жылжу бар, даму бар.

Комментарии закрыты.