Кілем жуу орталығын ашты

Бүгінде қайтарымсыз қаражаттың арқасында бала күнгі армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алған жастардың саны қаламызда жыл санап артып келеді.

Қала әкімі ұсынған грант аясында жерлестеріміз көптен ойда жүрген кәсіптерін бастауда. Нәтижесінде Сәтбаев қаласында сан саладағы бизнес түрлері қарқынды даму үстінде.

Осындай қайтарымсыз қаражат алып, бизнесін дөңгелетіп отырған замандасымыздың бірі – Бексұлтан Бәкір. 27 жасар тұрғын бүгінде үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Қалада қолжетімді бағада кілем жуу орталығын ашуға жас кәсіпкер 1 миллион теңгеге ұсыныс білдірген. Аталған сомаға ие болғаннан кейін жыл басында кілем жууға, сығып-кептіруге арналған техникалық құрылғыларды сатып алды.

Бүгінде Бексұлтан қала бойынша тапсырыстардың жоғары екендігін айтады. Мұндай сұранысқа ол өз орталығының өзге орындарға қарағанда қолжетімді бағада қызмет көрсететіндігімен ерекшеленетінін түсіндірді. Грант иегері кәсіп ашамын деген мақсатына қанат бітірген Сәтбаев қаласы әкімдігіне алғысын білдіреді.

Комментарии закрыты.