Тігін цехын ашты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғымен тұспа-тұс ұйым­дастырылған Сәтбаев қаласы әкімінің грантын тағайындау аясында тағы бір жаңа кәсіпкер жұмысын бастады.

25 жасар тұрғын Тимур Коробейников өткен жылдың аяғында әлеуметтік желілерден конкурс өтіп жатқандығы жайында білген. Бағын сынап көрмекке бизнес жобасын жасап, құжаттарын тапсырған. Қайтарымсыз 1 миллион теңге қаражатқа сәтбаевтық тұрғын кәсіп бастауға қажеттінің барлығын сатып алған. Қазіргі уақытта Тимур Сергейұлы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Киім тігу ательесі – Тимур Коробейниковтың отбасылық бизнесі. Кәсіпкердің анасы көп жылдан бері киім пішу, тігу жұмыстарымен айналысып келеді. Бүгінде жастарға қолдау білдіріп жатқан қала әкімдігіне олардың алғысы шексіз.

Комментарии закрыты.