236 бала білім алуда

Ғылым және білім ми­нис­трлігінің бұйрығы бойынша №1 мектеп-гимназия­да 26 мамырдан бастап «Жазғы мектеп» жұмыс істеуде.

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дана Жакупованың айтуы бойынша, бүгінде 236 бала жазғы мектепте оқуда. Оның 55-і бастауыш сыныптың, 181-і жоғары сыныптың оқушылары.

Жазғы мектеп өз жұмысын карантин талаптарына сай жүргізуде. Мектепте күніне 3 сабақ өтеді. Оның екеуі маңызды сабақ болса, соңғысы балалар жалықпау үшін қосымша сабақ. Басты пәндерге қазақ тілі, математика, ағылшын тілі жатса, балалар жалықпау үшін информатика, физика, дене тәрбиесі қосымша сабақ ретінде енгізілген. Мұның сыртында «Алтын ине» үйірмесі де ашылған.

Жазғы мектепте 27 оқытушы дәріс береді. Сабақ еркін форматта, әр ұстаз өзінің шығармашылығына қарай өткізуде. Қазіргі таңда «Жазғы мектепке» ата-аналардың қызығушылығы артып, балаларын жазда оқуға беріп жатыр.

Ділназ Нұржан,
«Тұран» университеті, журналистика факультетінің ІІ курс студенті.

Комментарии закрыты.