Жасыл желек – қала көркі

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары қаладағы ағаштар мен гүлзарларды суару, абаттандыру жұмыстарын қадағалау мақсатында рейд жүргізді.

Халық қалаулылары қала көшелерін аралау барысында аталған жұмыстарға жауап­ты мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Рейдке «Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты.

Аралау кезінде депутаттар жасыл желектерді суаруға арналған тіршілік көзінің мөлшерін, оған қажетті арықтардың болуын, суару жұмыстарының жиілігін тексерді. Кеншілер қаласындағы Сәтбаев даңғылы, Ұлытау, Мәңгілік ел көшелерінің көгалдандыру жұмыстарына баса назар қойған мәслихат депутаттары былтырғы жылмен салыстырғанда биыл атқарылған жұмыстардың арқасында оң нәтижелер байқағандықтарын жеткізді.

Халық қалаулылары жүргізген рейд барысында көгалдандыру жұмыстарына байланысты кемшіліктер де көзге ілікпей қалған жоқ. Мәселен «Тәуелсіздік», «Шахтер» скверлері маңындағы жаңадан отыр­ғызылған жасыл желектердің күтімсіз қалғандықтан, өскіндер қурап тұрғанын көріп, жауапты ұйымдарға сын-ескертпелер айтты.

Еркеназ Шоқан.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.