Құрметті жерлестер!

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке мемлекетіміздің азаттығы мен күш-қуатының символы, жалпыұлттық бірлік пен Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершілік күні болып саналады.

1991 жылы 16 желтоқсанда еліміздің жаңа дәуірі басталды. 30 жыл бұрын республикамыз бірлік пен берекенің символына айналып, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Жаңа мемлекеттің жан-жақты дамуының, нарықтық экономика мен демократияның қалыптасуының басты шарты еліміздің тәуелсіздік алуы болды. Егемендік жылдарында экономиканың барлық салаларында елеулі табысты қайта құрулар мен реформалар жүргізілді. Тәуелсіз мемлекетіміздің ортақ жетістіктерінде әрқайсыңыздың үлесіңіз бар екендігі сөзсіз.

Экономикамыз қарқынды дамып, жақсарып, ата-баба дәстүрінен өрбіген мәдени құндылықтар көбейіп, Қазақстан халықаралық аренада даңқы шығып, әлемдік экономикалық жүйеде өзінің лайықты орнын алды. Басты байлық – ортақ үйіміздегі татулық пен келісім. Қазақстан – еркіндікті бағалайтын және әрбір азаматтың мүддесін қорғайтын тату отбасы іспетті. Мерейлі мерекеде әр шаңыраққа, әрбір отбасына денсаулық, береке мен тұрақтылық, келісім мен түсіністік, тыныштық пен бейбітшілік тілейміз. Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдене берсін! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.