Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер

Қазақ елі 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін жаңа кезең басталды. Қысқа уақыт ішінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Бүгінде жаңа өзгерістерді одан әрі тереңдетуге бағытталған, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау бағытындағы жобаларды «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы мүшелері лайықты жүзеге асыруда. Осы тәуелсіздік тұғырын биіктетуге үлес қосқан бір топ өндірісші ерекше мерекеде құрметке бөленді.

Шыңырауда шыңдалған еңбеккерлерді бірінші Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров құттықтап, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының саяси кеңесі бюросының №17 қаулысы бойынша бойынша Жезқазған мысбалқыту зауытының аппарат басшысы және бастауыш партия ұйымының төрағасы Силар Қияқбаев пен Анненск шахтасының №70 учаскесінің бұрғылаушысы Ернал Дәулетбаевты «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Жезқазған байыту фабрикасының флотаторы Бәтима Смағұлова орталық аппараттың Құрмет грамотасына ие болды. Салтанатты жиында 30 жасқа толған партия мүшелері де назардан тыс қалмады. Туған күн иелері Кристина Риммер, Қанат Исканов, Ақбілек Сағалға тарту-таралғы жасалды. Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанованың Алғыс хатына Асқар Нұржанов, Күнсұлу Аманова, Әлия Өксікбаева, Мерей Әмір лайықты деп табылды.

– Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Желтоқсанның екпінімен ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтардың асқақ армандарымен қолымыз жеткен тәуелсіздікті қастер тұту парызымыз, – деген Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов Жезқазған мыс балқыту және құю механикалық зауытының партия мүшелерін Құрмет грамотасымен марапаттады. Ізгі тілектерге қосылған «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы Төлеген Бүкіров, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Ерболат Сатыбалдин Б.Шыңғысовтың Құрмет грамотасын бір топ партия белсендісіне табыс етті.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.