Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының тұрғындар алдындағы есебі

«2021 жылдағы Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындылары туралы және 2022 жылға арналған міндеттер»

2021 жыл маңызды оқиғалар мен жетістіктермен ерекшеленді, әр түрлі сәттерге толы болды: қарапайым да, күрделі де. Бірақ біз бәрін бірге еңсердік және коронавирустық инфекцияның пандемиясынан туындаған шектеулі карантиндік шараларға қарамастан, біз әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің өсуімен жылды аяқтай алдық. Жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті, барлық жоспарланған және өткізілетін іс-шаралар, барлық негізгі жоспарларды белгіленген мерзімде іске асыра алдық.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52,6 млрд.теңгені құрады. Мыс кенін өндіру көлемі – 16,4 млн.тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 60%-ға жуығы «Қазақмыс» корпорациясы мен оның еншілес кәсіпорындарына тиесілі.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 17,2 млрд.теңгені құрады, 6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы қаланың әлеуметтік әлсіз тұрғындары үшін салынған 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Біз жалға берілетін тұрғын үйге арналған 56 пәтерлі және 30 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына тағы екі ЖСҚ әзірледік.

2022 жылы осы үйлердің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен меморандум аясында 60 пәтерлі үйдің құрылысы күтілуде.

ТКШ саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды

2021 жылдың өзекті жобалары батыс, шығыс аудандары мен шағын аудан аумағынан жер үсті суларын төмендету және бұру жөніндегі жоба және шаруашылық фекальды тазарту құрылысын қайта жаңарту болып табылады. Бұл жобалар 2022 жылы іске асырылады деп күтілуде.

Келесі жылы № 8 шағын ауданда кварталішілік электр, су құбыры және кәріз желілерін салу, сондай-ақ, 66 және 74 кварталдардың кәріз желілерін салу жұмыстары жоспарланған.

Жолдар мен абаттандыру

Ағымдағы жылы сәулет келбетін жақсарту үшін абаттандыру бағдарламасы шеңберінде қаламыздың 20 көппәтерлі тұрғын үйінің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жеңіс саябағын қайта құру жұмыстары жүзеге асырылды. Монумент пен арканы қалпына келтіру, Бақылау-өткізу пунктін, қоғамдық дәретхана мен субұрқақты салу, саябақ аумағын жарықтандыру, аумаққа жаңа қоршау орнату, спорттық және балалар ойын алаңын орнатумен саябақты абаттандыру, жүгіру және веложол орнату, автоматты суару жүйесін орната отырып, аумақты жасыл желектер мен көгал шөптерімен жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жеңіс саябағы ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

«Караван» композициясының жалғасы ретінде «Ұлы Дала» жаңа тарихи саябағының ашылуы маңызды оқиға болып табылады. «Ұлы Дала» Тарихи паркінде тарихи орындар мен экспонаттардың макеттері – Алашахан, Жошыхан, Домбауыл, Хан Орда, Аяққамыр, Болған ана, Ұлытау таулары, Теректі әулие петроглифтері, белгілі төрт бидің «Төрт босаға» барельефі қойылған, сондай-ақ, жаңа ағаштар отырғызылып, жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандары орнатылды, ал экскурсовод осы кешеннің келушілеріне өңірдің тарихын түсіндіреді. «Ұлы дала» Тарихи саябағы 2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бұрынғы «Ғашықтар» аллеясын қайта құру, одан әрі Төлек батыр ескерткіші қойылып, «Төлек батыр алаңы» атауын өзгерту жұмыстары жүргізілді.

Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында жалпы ауданы 25 мың м2 болатын қала жолдарын ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Қала бойынша және көп қабатты тұрғын үй массивтерінде 300 дана еуроконтейнерлер мен 150 дана қоқыс жәшіктерін орнату бойынша, 6 балалар ойын алаңдарын орнату бойынша, қаланың тұрғын үй аулаларында «Street workout» кешендерінің 4 бірлігін, барлық кешендер тартанды жабындыда орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында БҰҰДБ және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы көше жарығын жаңғырту жобасы іске асырылды. Қала бойынша 1454 дана көлемінде 150 Вт жарықдиодты шамдар орнатылды.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 3307 бірлікті құрайды (оның ішінде заңды тұлғалар – 329 бірлік, жеке тұлғалар-2978 бірлік) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 112,4% (2942 бірлік).

Сәтбаев қаласында Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында жалпы құны 504 млн. теңгені құрайтын төрт жоба жүзеге асырылуда:

  1. «Тау-кен – шахта жабдықтарына арналған компрессорлық қондырғылар өндірісі» – «Рудсервис К» ЖШС (жобаның жалпы құны: 170 млн. теңге, жұмыс орындарының саны –18 бірлік);
  2. «Роликті тіректер өндірісі» – ЖК «Л. М. Гелисханова» (155 млн. теңге, жұмыс орындарының саны – 25 бірлік);
  3. «TRIKSAT» трикотаж цехын кеңейту және жаңғырту» – ИП «Эберман А.В.» (жобаның жалпы құны: 46 млн. тенге, жұмыс орындарының саны – 15 бірлік);
  4. «Құс етін өңдеу мақсатында сою цехы» – ШҚ «Ахтямов Р. Н.» (жобаның жалпы құны: 133,2 млн. теңге, жұмыс орындарының саны – 50 бірлік);

«Қарапайым заттар экономикасы» тетігі бойынша (БЖК 2025 бағдарламасы шеңберінде) қалада бір жоба табысты іске асырылуда («Ахтямов Р. Н.» ШҚ – «құс етін өңдеу мақсатында сою цехы», жалпы құны 300 млн. теңге, 50 жұмыс орны құрылады).

24 Жұмыс орнын құрумен жалпы құны 27 млн. теңге болатын тағы 3 жоба пысықталуда.

Су және тәтті газдалған сусындар өндіру саласында:

  1. «Бекмурзин Б.» ЖК аукцион әдісімен жер телімін ұсынды. Бөтелкедегі су өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда. Жобаның болжамды құны 50 млн. теңге, 6 жұмыс орнын құру.
  2. «Сатпаев минералды және жеміс сулары зауыты» ЖШС су және тәтті газдалған сусындар өндірісін ұйымдастыруға. Жобаның болжамды құны 120 млн.теңге 10 жұмыс орнын құру.
  3. Макарон өнімдерін өндіру саласында: «Болендин Ж.» ШҚ макарон өнімдерін өндіру. Жобаның болжамды құны 100 млн. теңге 8 жұмыс орнын құру.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 млрд. 803 млн. теңгені құрады, НКИ, 5%. Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру 109% – ды, жұмыртқа –1%, сүт – 2% құрап өсті.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 шаруа қожалығының жайылымдарында ұңғымалар жайластырылды: «Жақыпов» ШҚ, «Үкібаев А.» ШҚ, «Аймағанбетов» ШҚ. Инвестиция сомасы 9,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық салымдарды өтеу үшін 50% немесе 4,9 млн.тг. тиісінше.

Кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 2022 жылға жеке инвестициялар есебінен жалпы сомасы 26 млрд.теңгеге шамамен 437 жұмыс орнын құрумен 24 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау

Есепті кезеңде 2289 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Қоғамдық жұмыстарға 402 адам тартылған, бұл да өткен жылғы деңгейге сәйкес келеді. 33 адам оқыту курстарына және кәсіби дайындыққа жіберілді.

Сондай-ақ, 2022 жылы «Серебряный возраст» жобасы бойынша зейнеткерлік жасқа дейінгі 30 жұмыссыз және кейіннен «ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істейтін жұмыскерді ауыстыра отырып, 2 жұмыссыз жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша:

Атаулы әлеуметтік көмек – 161 отбасыға, оның ішінде 71 көп балалы отбасыға тағайындалды;

– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 242 баласына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер (ГСП – өнімдер) және жеке гигиена құралдары берілді.

Республикалық Халық қайырымдылық қоры атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы тұрмысы төмен отбасыларға әрқайсысының жалпы салмағы 50 кг азық-түлік жиынтығы түрінде 2 рет көмек көрсетті. Сондай-ақ, АӘК алушылар медициналық дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі орталықтың ашылуы өтті.

Бұл орталық 14 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған. Шағын орталық жұмысының басты қағидаты-әр баланың игілігі үшін жеке көзқарас және топтық жұмыс. Балалар толық күн орталықта болады, онда олар үшін тамақтану және күндізгі ұйқы ұйымдастырылады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тұратын жерінен баратын жеріне дейін және кері тасымалдау үшін: жұмысқа, оқу орындарына, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, Әлеуметтік сала объектілеріне, медициналық мекемелерге инватакси қызметі қолданылады.

Қалада қолжетімділік картасы бойынша нысандардың жалпы саны – 59, барлық нысандарда паспорттау жүргізілді. Бейімдеуге жататын объектілердің 2021 жылға арналған жоспары 9 құрайды, бүгінгі күні барлық объектілер бейімделді және бейімделген объектілер бойынша деректер «интерактивті қолжетімділік картасы» порталына енгізілді.

Білім беру саласы

Қалада 13 жалпы білім беретін мектеп, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі және 3 қосымша білім беру ұйымы бар.

Жаңа Оқушылар сарайының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады, сондай-ақ – жаңа 320 орындық балабақша, жаңа өнер мектебі құрылысы жоспарда. Мектеп оқушыларының білім сапасының көрсеткіштерінің бірі түлектердің қорытынды аттестациясы болып табылады. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» төсбелгісімен орта мектепті 21 оқушы бітіріп, 24 түлек «Үздік» аттестатқа ие болды.

2021 жылы білім беру саласында № 25 және 15 жалпы білім беретін мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Спорт және акт залдарында терезелер мен батареяларды ауыстыру, жүгіру жолдарын, футбол және волейбол алаңдарын орната отырып, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар орындалды. 320 орындық жаңа балабақша мен Оқушылар сарайының құрылысы жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қала бойынша 1-4 сыныптардың 5349 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Ал аз қамтылған отбасылардан шыққан 1244 оқушы жаппай оқыту қоры есебінен тегін тамақтанады.

Денсаулық сақтау жүйесінде де елеулі өзгерістер

Соңғы жылдары медициналық мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды.

Ағымдағы жылы орталық ауруханаға 22 млн.400 мың теңгеге су құбыры мен кәрізді ауыстыру бойынша жертөле үй-жайында жөндеу жүргізілуде, қышқыл-сілті аппараты және 12 каналды ЭКГ-аппараты сатып алынды. Бас корпусты жөндеу келесі жылы жалғасады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының қаражаты есебінен: керек-жарақтары бар лор-қондырғы, офтальмологтың жұмыс орны, ажыратымдылығы жоғары бейне колоноскопы және жоғары ажыратымдылықтағы бейне гастроскопы бар жиынтықтағы бейнеэндоскопиялық жүйе (ФГДС), акушерия мен гинекологияға арналған сараптама сыныбының УДЗ аппараты, икемді эндоскоптарды дезинфекциялау және стерильдеуді автоматты жуу қондырғысы, цифрлық маммографиялық жүйе сатып алынды.

Емхана қаражаты есебінен вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтар, рециркуляторлар, пульсоксиметрлер сатып алынды.

2021 жылы қалалық емханаға 3 жас маман – жалпы тәжірибелік дәрігерлер келді. Олардың барлығы тұрғын үймен және көтермемен қамтамасыз етілген.

«Қазақмыс» корпорациясымен Меморандум аясында 2022 жылы емхананың санитарлық машиналарына арналған гараждардың мобильді кешендерін және жедел жәрдем қосалқы станцияларын орнату және қаланың шығыс бөлігінде жаңа емхана салу жоспарлануда.

Спорт және мәдениет саласы

Қалада халықты дамыту, тәрбиелеу және бос уақытын ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалады. Барлығы 153 спорт ғимараты жұмыс істейді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол стадионын қайта құру аяқталды, желтоқсан айының басында футбол манежінің салтанатты ашылуы өтті, онда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен қаланың бюджеттік ұйымдары командалары арасында шағын футболдан жолдастық матч өтті.

Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 99,6% құрайды.

2021 жылы «Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» КМҚК ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 150 астам іс-шара өткізілді, олардың көпшілігі онлайн режимінде өтті.

Екі күн бойы қаламызда өткен Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына арналған «Мен жастарға сенемін» атты республикалық жас ақындар айтысына түрлі облыстардан 14 талантты айтыскер қатысты.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Орталық көшелер мен қала тұрғындарының демалыс орындары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесімен барлық қала периметрі бойынша қамтылған. Бүгінгі күні Сәтбаев қаласы бойынша 205 бейнебақылау камералары бар, олар басты көшелерде, қиылыстарда және адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған. Қазіргі уақытта «Нұрлы мекен» шағын ауданында тағы да 423 бейнебақылау камералары орнатылды.

Комментарии закрыты.