Сәні мен сәулеті жарасқан

Жаңа жылға орай кезекті қайырымдылық мерекесі «Love sushi» кафесінде де өтті. Қамкөңіл балаларға арнайы өткізілген ертеңгілік тосын сыйларға толы болды.

Сән мен сәулеті жарасқан шыршаны көрген балалардың жүзінде ерекше қуаныш орнады. Мерекенің белгісіндей болған шыршаның қасында би биленді, ойындар ойнатылып, тақпақтар айтылды. Өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге дәстүр бойынша сыйлықтар үлестірілді. Бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарды, ертегі кейіпкерлерін зор таңғалыспен қарсы алды. Мерекелік көңіл күй тарту еткен мекеменің әкімшісі Нұрай Мұхитбекова бүлдіршіндерді құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Ата-аналар қауымы ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтып, барлығына жақсылық тіледі. Төрт баланың анасы Күнсұлу Жапарова мол дастархан, концерттік бағдарлама көңілінен шыққандығын айтып, қуанышын жасырмады.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.