«Нұр отан» жаңа орынға қоныстанды

20130906-10-3-1Дәлірек айтқанда, Сәтбаев қаласы бойынша салық басқармасы қоныстанған екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бір жақ қанат бас партияның қалалық филиалына берілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қала әкімі Әнуар Омар мен мәслихат хатшысы Серік Имамбай бастаған топ партияның жаңа баспанасында болып, аралап көрді.

Сонымен, Ата Заң күні кеншілер қаласында «Нұр Отан» партиясы филиалының жаңа орны ресми түрде ашылды. Сол күні жаңа баспананың мәжіліс залында қалалық партия активінің алғашқы басқосуы өтті. Жиналыста билік партияның мүшелері Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі кешенді жоспардың орындалысын талқылады. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда партияның атқаратын роліне тоқталды.

Ізтай Белгібайұлы. Сурет түсірген автор.

Комментарии закрыты.