Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің қауіпсіздігінің нышаны

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, министрліктер мен мекемелердің нормативтік актілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әр түрлі бақылау шараларын қарастырады.

Құқықтық табиғаты мен сипатына қарай қолданыстағы бақылау шараларын екі негізгі топқа бөлуге болады. Қаржылық бақылау шаралары көп жағдайда осы бақылаудың жүзеге асырылуы үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдармен (Қаржы полиция агенттігімен, Қаржы министрлігімен, Мемлекеттік салық комитетімен, Қазақстан ұлттық банкімен, министрліктер мен мекемелердің аудиторлық, тексеруші бухгалтерлік бөлімшелерімен және т.б.), құқық қорғау органдарымен қабылданатын жедел-іздестіру, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік-құқықтық сипаттағы шаралар қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларын әрекет ету механизміне байланысты тағы екі топқа бөлуге болады: бақылаушы субъектілерінің билік ету өкілеттілігі және оларға міндеттерін хабарлайтын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына объективті түрде қысым жасамайтын бақыланушы жеке және заңды тұлғалар.

Жоғарыда айтылған шаралардың жалпы кемшілігі – олардың жүйесіздігі, жеке нормативтік актілер бойынша бір мақсатқа бағытталмауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағыттың жоқтығы. Қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларының нәтижесіздігіне оны орындаушылардың әрекет етуінің әлсіз болуы әсер етеді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайындалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға назар аударылған. Мысалы, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлермен болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларын тудырмау.

Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының қажетті жағдайларда: заңды және жеке тұлғалардан олардың іс-әрекеттері заңдылығының дәлелін талап етуге; қаржылық операцияларды жүргізуді және мүліктік келісім-шарттарды тоқтатуға; ақшалай қаражатқа және мүлікке оларды алудың заңға қайшылығы туралы мәлімет болған жағдайда әкімшілік тиым салуға; қаржы-экономикалық қызметті алдын ала жүргізуге, ұйымдасқан қылмыспен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналысқан күдікті тұлғаның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның зайыбын, жақын туыстарын немесе соңғы бес жыл ішінде олармен бірге тұрған басқа да тұлғаларды, сондай-ақ, күдіктінің иелік еткен немесе оның қолданған мүлігін, құралдарын тексеруге құқығы бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес, мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға тең барлық тұлғалар тұрғылықты жері бойынша салық қызметкерлеріне өзінің мүліктік және кіріс жағдайы туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.

Қ.Қисап, Сәтбаев қаласы прокурорының көмекшісі.

Комментарии закрыты.