Бүлдіршіндердің сән агенттігі

20131011-20-1-120131011-20-1-220131011-20-1-3Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында С.Сейфуллин атындағы гимназияда мектеп жанынан ашылған «Сымбат» сән агенттігінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш сән агенттігі жұмысының мақсаты – қыз баланы ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеп, айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, олардың бойына сұлулық, нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін сіңіру.

Іс-шара гимназия директоры Г.Сүйінжанованың, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Такишованың және бірқатар ұстаздардың мерекелік құттықтауымен басталды.

Одан әрі сән сайысының кішкентай қатысушылары көрермендерге әр түрлі киім үлгілерін ұсынды. Оның ішінде мектеп формасы, қазақ халқының ұлттық киімдері, спорттық және өз қолдарымен жасалған киімдер және кешкі той көйлектері болды.

Бұл сән үйірмесінде бүгінгі таңда 11 қыз бала бар. Олар бастауыш сыныптардың оқушылары. Алдағы уақытта қалалық, мектепішілік іс-шараларға қатысып, үйірме жұмысын көрсету, кеңейту жоспарымызда бар, – дейді сән агенттігінің жетекшісі, хореография пәнінің мұғалімі Ольга Эккерт.

Тұсаукесер рәсімінде көрермендердің назарына мектептің жас өнерпаздарының күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сән үлгілерін көрсеткен кішкентай ханшайымдардың барлығы мектеп тарапынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

М.Шахаева.

Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.