Бейбітшілікке бастайтын күн

Осыдан жиырма бір жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматыда 1-ші Бүкіләлемдік Рухани келісім Конгрессі өткен болатын. Бұл күні адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері, дін мәселесі жөнінде ой-пікір таластырып жүрген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстел басында жиналды.

Дәл осы күні Халықаралық Рухани келісім күні өткізілді. Содан бері бұл күн – Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болды.

1995 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, толеранттық қағидаларының Декларациясын қабылдады. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтілуде.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері діни қатынастар саласында теңгермелі мемлекеттік саясат жүргізілуде. Соның нәтижесінде ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық, ауызбіршілік пен тұрақтылық, рухани сыйластық – бүгінгі таңда біздің басты байлығымыз. Елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие.

М.Бекмағамбетова, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы.

Комментарии закрыты.