Жеті бесжылдық бағдары

20140314-03-2Ел Президентінің қаңтар айындағы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері – Жезқазған аймақтық кәсіподақтар ұйымының төрағасы Хансейт Бөлен, қалалық емхана басшысының орынбасары Бибігүл Үсенбаева, №27 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жанат Амантаева, қалалық «Шарайна» газетінің директоры Бауыржан Бірманов – №31 балабақшасында болды.

Топ мүшелері кішкентай бүлдіршіндердің бағбаны болып жүрген тәрбиешілерге Жолдаудың маңыздылығын, ондағы басымдық беріліп отырған бағыттарды кеңінен түсіндірді. Еліміздің алдында отыздыққа ену межесі тұрғанын, ол үшін бір мақсат, бір міндет және бір болашақ жолында жеті бесжылдыққа бағдар берген бағдарламада көзделген міндеттерді біріге атқаруымыз қажет деді.

Сондай-ақ, кездесу барысында кенді қаланың келешегі жайында да сөз қозғалып, кешенді бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар тілге тиек етілді.

Жиын соңында балабақша ұжымы еліміздің өркендеп, дамуына өз үлестерін тәлімді ұрпақ тәрбиелеу ісімен көрсететіндіктерін жеткізді.

Жолдауды түсіндіру мақсатындағы жиын сондай-ақ, Сәтбаев аймақтық «Электржелілері» кәсіпорынында, №12 орта мекте, қалалық емханада өтті.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.