«Сала көшбасшысы» атанды

20140328-4-2Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық бизнес-рейтингтің ұйымдастырушы комитетінің шешімімен «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Қожахметов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы жоғары мәртебеге ие болып, халыққа көрсетіп отырған қызметі үшін марапатталды.

Екі мекеме кіші кәсіпорындар арасында үздік болып танылып, «Сала көшбасшысы» атақтарына ие болды. Біріншісі мұрағат ісі саласындағы қажырлы еңбектері үшін алғысқа бөленсе, екінші мекемеге жалпы дәрігерлік тәжірибе саласындағы жетістіктері үшін құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, «Қожахметов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мағзұм Омарұлы Қожахметов «Қазақстан даңқы» атты Ұлттық бизнес–рейтинг комитетінің Орденімен марапатталды.

Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар өткен аптадағы аппараттық жиында қала активі атынан мемлекеттік мұрағат басшысы Айгүл Төлендинаны, «Қожахметов» ЖШС басшысы Мағзұм Қожахметовты қол жеткізген осы жетістіктерімен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. Ұлттық бизнес рейтингтер одағының арнайы сертификатын табыстап, құрметке бөленген екі мекеме ұжымының алдағы жұмыстарына жемісті еңбек тіледі.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.