Жолда жүру қауіп төндіріп тұр

20140404-06-2Жақында редакцияға қала тұрғындары қоңырау шалып, көшелердегі жолдарда жолақтардың өшіріліп қалуы адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанына налитындықтарын жеткізді.

Ерден көшесі бойында орналасқан «Төртіншім» дүкенінің жанында №7 балабақшаға барар жолда жол сызығы болатын. Өткен жылдан бері сол жолақтар өшіріліп қалып, әлі де жаңартылған жоқ. Бұл жолмен күнде балабақшаға балаларымызды алып барамыз. Арнайы белгі болғанымен, жолақтың жоқтығынан бір де бір жүргізуші тоқтап, жол бермейді. Өшіп қалған жолақтарды қайта сызу үшін де қаражат керек пе?

Баласының амандығы мен қауіп-сіздігі ата-ана үшін басты мәселе ғой. Сондықтан, сіздерге осы жағдайды айтып қоңырау шалып отырмыз. Жергілікті атқарушы орган осы мәселені жауапсыз қалдырмаса дейміз.

Бағдат Қазкенов. Cуреттер автордікі.

Комментарии закрыты.