Қоқыстан арылар қүн туар ма?

20140404-06-4«Тазалық – денсаулық кепілі» деп жатамыз. Алайда, сол тазалықты сақтау да соңғы кездері уыстан сусып барады.

Үйден шыққан күл-қоқысты іші бос жәшіктерге салмай, сыртына тастап кету қанымызға әбден сіңіп алды. Мына суреттен көріп отырғаныңыздай жәшіктің айналасы бей-берекет шашылып жатыр. Ал, оның іші бос тұр. Бұрындары жәшіктің жетіспеушілігін сылтауратып жүрсек, енді бір алаңда төртеуі тұр ғой. Дәл жанына келіп тұрып, ішіне салуға ерінетіндердің оғаш істері мұнымен шектелер емес. Жиналған қоқысты өртеп кету де әдетке айналды.

Техниканың жетіспеушілігінен болар, Сәтбаев даңғылы бойындағы мына (суретте) бір орында қоқыстың тау болып үйіліп жатқанына бір жетінің көлемі болды. Жан-жағына жайылып кеткен қоқыстардың жеңіл түрлері желмен ұшып жатыр.

Мұндай салғырт-салақтыққа бой алдыра берсек, қаланың сәні кететіндігін естен шығармайық, ағайын!

Бағдат Қазкенов. Cуреттер автордікі.

Комментарии закрыты.