Орталық мешітте жаңа имам

20140411-02-3Өткен қасиетті жұма күні қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітке жиналған  мұсылман жамағат бас имамның тағайындалуына куә болды.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың бұйрығымен орталық мешітке Шығыс Қазақстан облысының тумасы Бауыржан Құмарғазыұлы Балтабеков бас имам болып бекітілді. ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі, дінтанушы Ершат Оңғаров  мешітке жиналған жұртшылықпен жаңа имамды таныстырып, бұйрықты жариялады.

Тағайындау шарасына қатысқан қала әкімі Әнуар Омар жаңа имамды құттықтап, кенді қаланың мұсылман жамағатына Ислам дінінің асыл құндылығын дәріптеуді қолға алған ісіне сәттілік тілей келе, мешітті бес  жыл басқарған Бақдәулет қажы Абдрахмановқа қала жұртшылығының атынан ризашылығын білдірді.

Бас мүфтидің бұйрығымен қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітке бас имам болып тағайындалған Бауыржан Құмарғазыұлы Балтабеков 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Білікті дінтанушы маман.

2011 жылдан ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық «Бәйтерек» мұсылмандар орталық мешітінің имамы болып қызмет атқарған.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.