«Тяньшимен» — заманауи бизнеске

20140418-12-2-120140418-12-2-2Фестивальдің екінші және үшінші күндерінде компанияның алдыңғы қатарлы үздіктері жиналған көпшілікке оқу-жаттығу семинарын өткізді. Оның алғашқы легін Беларуссиядан келген «Алтын Арыстан» ІІІ жұлдыздың иегері Сергей Логвин бастады. Ол өз кезегінде «Тяньши» арқылы денсаулықты нығайтып, табысқа жетудің жолдарын көпшілікке жіктеп айтып берді.

– Біз денсаулықты дұрыстай отырып, табысқа жетуге аса мән бермейміз. Мен өзім осы компанияның өнімдерін анамның денсаулығын дұрыстау үшін ала отырып, бизнеске етене араластым. Мұнда табыс көзінің мол екендігін ескере келе, бизнеспен айналысуға бір жола бел будым. Нәтижесі де жаман емес. Компания берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әлемнің бірнеше ірі мемлекеттерінде болдым. Бұл бизнеске келгенде ең әуелі сенімді, әрі өзіңді қолдайтын орта қалыптастыра білген жөн. Сонда ғана істің берекесі кіріп, табысың еселенеді, – деді С.Логвин.

Компания әр елде өзінің орталықтарын қалыптастырып қана қоймай, мейірімділік шараларына да ерекше мән беріп отыр. Соңғы жылдары корпорация 100 миллион долларға дейінгі аралықта қамқорлыққа зәру жандарға көмек берген. Бір қуантарлығы, осы игі іс қазақ жерінде де қолға алыныпты. Былтырғы жылы елімізде «Көк Арыстаны» қайырымдылық қоры өз жұмысын бастаған. Бұл қор 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Жақында қор Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісім-шартқа отырған. Мұндағы негізгі мақсат – еліміздегі ата-анасынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру. 2017 жылға дейін еліміздің аймақтарында балалар үйінде тәрбиеленушілерге баспана салу ісін жолға қоюды жоспарға енгізген. Бұл қорға демеушілік жасағандар компанияның «Алтын Арыстан» атағының иегерлері. Қордың директоры Жания Шаукенова жиында сөз алып, қорға демеушілік білдірген алтын жүректі азаматтарға алғысын білдірді.

Семинар барысында бизнестің іргетасын қалаудың алғы шарттары жөнінде еліміздегі нәзік жандардың қатарынан алғаш болып компанияның жоғарғы бағасына ие болған Гүлмира Бахтаева сөз етті.

Жиын кезінде «Үздік лектор», «Үздік инспектор» және «Үздік бас инспектор» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Осындай марапаттың бірі – «Тірек көшбасшы» атағы біздің жерлесіміз, халық емшісі, аймақтық өкілдіктің басшысы Райхана Тухвачинаға берілді.

«Қола Арыстан» атағының иегері Бекмұрат Жұмабеков көпшілікті уысқа түсіп тұрған мол мүмкіндіктерді жіберіп алмауға және табысқа кенелу үшін жастарды жұмыс жасауға шақырды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер» атағының иегері, 32 жыл педиатор болған Күләш Мейрамқұлқызы өз ісінің нәтижелерімен бөлісті. Ол емдеу ісінде «Тяньши» өнімдерінің көптеген науқастарға шипа болып дарығанын жеткізді. Білікті маман бұл өнімнің ана құрсағында жатқан нәрестеден, қарттық шаққа жеткен қариялардың денсаулығын нығайта түспесе, еш зияндығының жоқтығын алға тартты. Бірнеше кезеңдерден тұратын емдік шараларды жүзеге асырған соң өзінің денсаулығының жақсарғанын көрген білікті дәрігер алғашқы келушілерге еш қорықпастан осы компанияның өнімдері арқылы ем жүргізуді қолға алуға шақырды.

«Алтын Арыстан» иегері Құрманай Үмбеталиева мұндай табысқа жетудің қиындығы мен қызығын қатар көре тұрып, отбасылық бизнесті жандандырғандардың қатарында. Ол жолдасы Ырзабек екеуі алғашқы күннен бастап осы компанияның елімізде кең етек жаюына ықпалдасқандардың бірі.

Жақсылық, игілік, қамқорлық, ізігілік секілді ұстанымдарды басшылыққа алатын компанияның ең бірінші алға қоятын міндеті – адамдармен қарым-қатынас жасау, оларды бизнеске шақыру сынды мәселелерді көтерген Қ.Үмбеталиеваның сөзін «Табыс жүйесінің» директоры Мария Петрова жалғастырып, мұндай бизнеске келетін тұлғаның 8 қасиетін жік-жігімен атап берді. Осы фестивальдің өтуіне бірден-бір ұйытқы болған М.Петрова экологиясы бұзылған аймақтарда «Тяньши» өнімдерін күнделікті пайданалып тұру адам ағзасына таптырмас қорек екендігін жеткізді.

Қатысушылар корпорация жайында үш күн мол ақпаратпен қанықты. Компанияның шын мәнінде қоғам мүшелерінің пайдасы үшін қызмет етіп отырғандығына көз жеткізу мақсатында өткізілген фестивальді қорытындылаған «Алтын Арыстан» ІІІ жұлдызды атағының иегері Ирина Лябаева ел аймақтарынан және шетелдерден ат арылтып жиынға келгендерге ризашылығын білдірді.

Үш күндік жиында елімізге танымал өнер иелері ән мен биден шашу шашты. Қалың көпшілікке Қайрат Нұртас пен «SuperStar Kz» жобасының қатысушысы Олег Никитин шырқаған әндер жігер берді.

Денсаулықты нығайта отырып, мол табысқа кенелудің кепілдігіне айналған «Тяньши» корпорациясының бұл фестивалі әр қатысушының жаңа бір бастамасы мен арманының жүзеге асуына жол ашты. Алғаш бизнеске ұмтылыс жасағандарға үміт отын сыйлаған фестивальға көпшіліктің ризашылығы шексіз. Рахмет саған, фестиваль!

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.