Ақындар жырға қосты ғұламаны

20140425-03-2Қазақ халқының біртума дара тұлғасы, ұлы ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың 115 жылдығы қаламызда айшықты оқиғалармен аталып өтті.

Осы мерейтой аясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жазба ақындардың мүшайрасы өткен болатын.

Қаныш аталарының ерлік істерін жырға қосқан ақындардың арасынан бәйге алғандар өткен жұма күні Баубек Бұлқышев атындағы орталық кітапханада марапатталды. Бұл жыр додасына қатысушылардың жас ерекшелігінде шектеу болмаған. Мектеп қабырғасында жүріп ақындыққа бет бұрған оқушыдан бастап, тісқаққан ақындар да жыр додасына қатысып, ғұламаны жырға қосты.

Мүшайраның ІІІ орнына тігілген бағалы сыйлықты Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның мұғалімі, ақын Аманкелді Бұқар мен Ләззат Жұманова өзара бөліссе, ІІ орынды №19 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің мұға-лімі, ақын Дәуренбек Бұланбаев иеленді, Ал, жүлделі І орын аймақтық өнер орталығындағы жазба ақындар үйірмесінің жетекшісі, ақын Ғалил Жәнібековке тиесілі деп танылды.

Мүшайраға қатысушы-лардың барлығы да бөлім атынан бағалы сыйлық-тармен марапатталды.

Жыр маржанын тізген ақындар шара барысында дара дарынға арнаған өлеңдерін оқыды.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.