Әнші балапандар

Бүлдіршіндерді өнерге баулып, мектеп қабырғасында түрлі байқауларға бейімдейміз. Осындай іс-шараның бірі – №16 мектепте өткізілген «Әнші балапан» байқауы. Бұл сайыста мектепалды даярлық сыныбымен қатар 1-2 сынып оқушылары сынға түсті.

20140425-12-3

Байқауды ұйымдастыру-шылар – бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Садуақасова мен музыка пәні мұғалімі Құрманғали Ташетовтың шәкірттері өнерде өзіндік таласы бар екендіктерін көрсетті. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалауға келген ата-аналар мен мектеп ұжымы олардың талпынысына, өнерге деген сүйіспеншілігіне тәнті болып қайтты. Қатысушылар «Ойыншықтар», «Ертегілер» сынды балаларға арналған әндер мен ата-ана, туған жер тақырыбындағы әндерді шырқады.

Мектептің жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Айнагүл Күлшекенова қатысушыларды алғыс хатпен, мақтау қағаздары және түрлі сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлдені 1 «А» сынып оқушысы Д.Тембаева иеленді. Бірінші орынға Ә.Арыстанбекова (2 «Ә») және П.Абдрасилова (1 «Б») лайық деп танылды. Екінші орынды да екі өнерпаз өзара бөліске салды. Олар – К.Бірманова (2 «А») мен М.Кенжалиев (2 «В»). Ал үшінші орынға Н.Имантай (1 «Ә») мен А.Исаев(1 «А»), Б.Қойшан (2 «А») табан тіреді.

Мөлдір Мұқатова. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.