Отырыс өзегі – жолдау

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Президент Жолдауы бойынша «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі бағыттары» тақырыбында отырыс өтті. Жиында басқарма басшысы Б.Шәкенов тақырып бойынша баяндама оқыды. Баяндамашы Елбасының «Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге айрықша жауапкершілік жүктелгенін, оның ішінде 7 бағыттың біріншісі Ұлттың бірлігі мен қауіпсіздігіне баса назар аударылып отырғандығын, Елбасы барша ұлт пен ұлыс өкілдерін бірлесіп мемлекет дамуына үлес қосуға шақырды деп атап айтты.

Сонымен қатар, баяндамашы Жолдауда агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңыздылығына, инновациялық индустриялан-дырудың, көліктің, энергети-каның қарқынды дамуына аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударылып отырғандығын атап өтті.

Баяндаманы басқарманың бас қазынашылары О.Қалиева мен Ж.Бегімова толықтырды.

Президент Жолдауындағы басым бағыттарға шолу жасаған баяндамашылардан соң, басқарманың қызметкерлері өз ойларын ортаға салды.

Отырыс соңында басқарма басшысы Елбасы Жолдауының әрбір жолында Президенттің еліміздегі миллиондаған халықтың әл-ауқаты, жағдайына байланысты қамқорлығы сезілгенін, халық көкейінде жүрген мәселелер айтылғандығын жеткізді.

– Елімізде орнап тұрған қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің, сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздік үшін күрестегі белсенді рөліміздің арқасында халықаралық аренада танылғанымызды баса айтып, қазақ елінің мерейін өсірді. Аталған Жолдау бағдарламасындағы жаңа саяси бағыт жаһандық он сын-қатерге төтеп беретін мықты мемлекет болу үшін қажетті екендігін; жеткен жетістіктерге мәз болып тоқтап қалмай, ілгері қадам басу керек екендігін айтты. «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деп, мақсат қойды. Осы мақсатқа жету үшін бізге үлкен жауапкершілік, сенім артылып отырғандығын ұмытпауымыз керек, – деп аяқтады жиынды басқарма басшысы.

Г.Абдикаримова, операциялық топтың бас қазынашысы.

Комментарии закрыты.