Құрметті әскери қызметкерлер және қала тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Бұл күн біздер үшін Отан қорғаушылар мерекесі. Отан қорғау дегеніміз – әскери борышты өтеуден бастап, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен ел дербестігін сақтау. Бойында жалыны, кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір азамат оны ең басты парызым деп санайды.

20140502-01-1

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесінде біздің ұлттық әскеріміз жыл өткен сайын айбынын арттырып, техникалық қуатын күшейтіп келеді. Еліміздің шекарасы бекемделіп, қауіпсіздігі нығайды. Замана үрдісін меңгерген, ұтқыр да ұшқыр, толық жабдықталған, әзірлігі мол әлеуетті әскерімізді қалыптастырдық.

Біздің халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі. Сондықтан да бұл мереке жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғауға тәрбиелеуге айтулы үлесін қосатындығымен ерекше! Ел мүддесі жолында антына адал, сертіне берік әскери азаматтардың іс-қимылы, ерлік әрекеттері – өсер ұрпақ үшін үлгі.

Құрметті әскери қызметкерлер, Отан қорғаушылар!

Сіздерге бақ-береке, мықты денсаулық, ымыра-бірлік және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының даму жолындағы қасиетті істеріңізге табыс тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С.Омар. Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.