Карантинді объектілерді анықтау

Осы орайда құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтар оның зардабының отбасының жағдайына кері әсер ететінін түсіне бермейді.

2013 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, үстіміздегі жылы салық төлеушілердің салықтық жүктеме коэффициенті әлдеқайда өскен. Бұның өзі жемқорлық деңгейінің төмендеуінің бір айғағы болып табылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 7 бабының 2-1 тармағын жүзеге асыру бағытында, ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін тұлғаны ынталандыру қарастырылған.

Ережеге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе қылмыстың орын алу фактісі жөніндегі хабарлама, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, іздестіруде жүрген жанның тұрған жері туралы мәлімет беру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе қылмысты ашу және тергеуге, анықтауға және жолын кесуге, жәрдемдесу жатады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін әрбір азамат мемлекеттің қорғауында болады және құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Жемқорлық – өзін-өзі тудырушы құбылыс. Оның түп тамыры әлеуметтік өмірдің өзімен сабақтас жатыр. Жемқорлықпен күрес — тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар, тұтастай қоғамның міндеті. Жемқорлықтың тарауына және туындауына шектеу қоюдың жалпы ұлттық фундаменталды тұрақты негізін қалыптастыру қажет. Осы шектеулер ұзақ мерзімді тарихи болашаққа жоспарлануы тиіс.

Тағы бір айтып өтетін жәйт, салық төлеушілердің құқықтары сақталуы мақсатында Сәтбаев қаласы бойынша салық басқармасында 7-46-05 сенім телефоны жұмыс істейді.

Ләйлә Аликулова, Сәтбаев қаласы бойынша салық бақылау бөлімінің басшысы.

Комментарии закрыты.