Әкім жастармен кездесті

20140523-03-1Апта басында қала әкімі Әнуар Омар Оқушылар сарайы жанындағы «Жас жалын» пікір-сайыс клубының отырысына қатысып, қаламыздың белсенді жастарымен кездесті. Отырыста қаламыздағы жас мамандар тапшылығы, жастар кәсіпкерлігін дамыту, діни сауаттылық туралы мәселелер көтерілді. Өз кезегінде жастар қауымы қала басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Сол күні Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығында Әнуар Серікбайұлы жастарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Жиынға әкім орынбасары Серік Имамбай, ішкі саясат бөлімінің басшысы Гауһар Сағындықова қатысып отырды.

Қабылдауға келгендердің алғашқысы – Шығыс Жезқазған кенішінің тау-кен жұмыскері Максим Канивец. Ол бір топ кеншілермен бірлесіп, Комаров көшесі 17 үйдің жертөлесінде еңбекшілерге арналған спорттық аула клубын ашуды жоспарлап жүр. Осы ойын әрі қарай жүзеге асыру үшін қала әкімінен ақыл-кеңес сұрады.

Одан әрі қабылдауға келген азаматша Қызғалдақ Қасымова өзінің жеке кәсіпкерлікке байланысты ойларымен бөліссе, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің ІІІ курс студенті Жұлдызай Сыздықбаева баспана мәселесін көтерді. Ал, Ернар Арынов қала басшысына жақын арада өз күшімен жол бойынан шайхана ашатынын айтып, осы кәсіпкерлігін кеңейту мақсатында мал өсіргісі келетіндігін жеткізді. Осы орайда Ернар Арынов малды сатып алу үшін қала басшысынан қаржылай көмек сұрады.

Жастар көтерген барлық мәселелерге байланысты қала басшысы Әнуар Омар қанағаттанарлық жауап беріп, кейбір сұрақтардың жақын арада шешімін табатындығын мәлімдеді.

Марал Шахаева. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.