Тосқауыл қою – міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру және күшейту мақсатында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2011 — 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекітілген болатын. Қабылданған құжатқа сәйкес, барлық мемлекеттік органдар өзіндік құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Әрбір өркениетті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы тиіс. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Қарағанды облысы бойынша жемқорлыққа қарсы 2011-2015 жылдарға арналған арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, біздің мекеме қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің нормаларын бақылау және де мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпаратқа жедел жауап беру үшін мекемеде «сенім телефондары» жұмыс істеуде, сонымен қатар, түскен ақпараттарды тіркеу журналы да бар.

«Сенім телефонының» нөмірі жергілікті басылымда ай сайын шығарылады және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағым және өтініш түсіру үшін жәшік қойылды. Жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта әлі де өз жалғасын табатын болады.

Тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдан асты. Бүгінде еліміз өзінің даму жолын таңдады. Ол жол – Президент нұсқаған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Олай болса, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы деп білу керек.

Н. Сүттібаева, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Комментарии закрыты.