Мәдениеттің тұғырын биіктетті

20140523-05-2-420140523-05-2-120140523-05-2-220140523-05-2-3Ұжым арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, шынайы еңбегіміздің айғағы болған – «Ел іші – өнер кеніші» фестивалі. Жақында №16 мектепте №1 «Ертегі» балабақшасы мен №14 орта мектептің есеп беру кеші өткізілді. Ертегіліктер ән мен биге баса назар аударыпты. Кеш «Балабақша – балалық пен достықтың ғажайып мекені» тақырыбы аясында өтті. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Шын бақ – ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде» деген. Сондықтан болар, кеште ана туралы әндер көп шырқалды. Балабақша, мектеп қабырғасында игерген білім мен ата-анадан көрген тәрбие екі бөлек дүние, әрине.

Хордың орындауындағы «Моя Родина – Казахстан», А.Өмірәлінің «Атамекен» әні рух пен қайраттылыққа жетелейді. Ал, бишілер ұлттық биден өзге өзбек, корей халқының билерін нақышына келтіріп орындады. Осындай мерекелерде барлығымыз бірігіп, тізе қосып іс қылсақ халықтық мақсатымыз орындалмақ.

Халықаралық отбасы күніне орайлас келген №14 мектептің шығармашылық концерті «Отбасы – тіршілік тірегі» деп аталды. Ұжымның еңбегін өзгелерден ерекшелендіріп, айқын айырмашылығын көрсеткен пантомима, тұсаукесер қойылымдары болды. Көріністе қазақ халқының бала тәрбиесін қаз-қаз басқан шағынан қолға алатыны, бұл рәсімге атүсті қарамайтындығы аталып кеткен. Тұсау кесетін адамның тектілігіне, өнегелілігіне ерекше мән берілетіндігі рас. Ал пантомимада екі ғашықтың бір біріне деген назы мен ыстық сезімі бейнеленген. Өнерпаздар актерлік қабілеттерін шеберлікпен жеткізе білді.

Ұстаздар қауымы топтасып билеген «Узы поколений» биінде өзіндік мән-мағына жатты. Биде өткен ғасырдың сексенінші жылдары мен қазіргі заман жастарының билеу мақамы көрсетілді. Әр ұлттың әжелер қауымы да шетте қалмапты. Ал, «Мой ласковый и нежный зверь» шығармасы музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен көркем көрінді.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаев. Келешегіміздің айнасы, осындай өнері мен өмірі келіскен ұстаздар ұжымы мәдени тұғырымызды биіктете бермек.

Мөлдір Мұқатова. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.