Жеңіс тұғырынан көрінді

20140523-12-2Жуырда Астана қаласында 1997-1998 ж.т. мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының IV жазғы Спартакиада чемпионаты өтті. Бұл жарыста Сәтбаев қаласының Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жанболат Омар 50 кг салмақта бақ сынап, I орынды жеңіп алды.

Жерлесіміздің жарқын жеңісінен кейін жас дзюдошылар тағы бір спорт додасына – Сарыағаш ауданында өткен X Халықаралық турнирге қатысып, үлкен олжамен оралды. Атап айтсақ, №16 мектептің 10 «ә» сынып оқушысы Диас Әшімов 55 кг салмақта I орынды және №4 лицей-мектебінің 9 «а» сынып оқушысы Әмірхан Әбдіжаппаров 60 кг салмақта II орынды қанжығаларына байлады.

Палуандардың жеңісіне жігіттерді баптап, шынықтырып жүрген жаттықтырушы Кенжезару Қашқынова дән риза және де спортшылардың болашақтарынан көп үміт күтуде.

А.Құлашова.

Комментарии закрыты.