Бағдарламаны талқылады

«Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде медиа-жоспарға сәйкес ашық есік күні өтті. Отырысты мекеме басшысы Назикүл Сүттібаева ашып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасының басты мақсатын, іс жүзіне асырылу барысын, тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтерінің және мердігердің арасындағы міндеттерді айтып өтті.

– Аталмыш бағдарламаның мақсаты – тұтынушыларға сапалы коммуналдық қызмет көрсету, тіршілік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тиімділігін арттыру.

Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз ету, коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту, сондай-ақ, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласында энергетикалық тиімділікті арттыру мен институционалдық негізді жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жеке капитал тарту бағдарламаның басты міндеттері болып табылады. Бұған ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалану, шығындарын төмендету, басқарудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, инвестициялық әлеуетті дамыту арқылы қол жеткізуге болады, – деді Назикүл Сейтқалиқызы.

Бұл жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде осы бағдарлама аясында жұмыс жүргізіп отырған «Изумруд» ПИК төрағасы Любовь Луцюк жұмыс барысын түсіндіріп өтті.

Жиын барысында тұрғындар да өз тараптарынан бағдарламаның жағымды тұстарын айтты. Отырыста алдағы жылдары осы бағдарлама аясында жөндеуге ұсыныс білдіргендерге заң аясында мемлекет тарапынан қандай көмек болатыны түсіндірілді. Бағдарлама мерзімінің қысқа екенін айтып, ПИК төрағаларына жұмысты ширату қажет екені ескертілді.

Д.Жүнісбеков, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің бас маманы.

Комментарии закрыты.