Депутаттар – балалар үйінде

20140530-06-2Биыл Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті органдары – мәслихаттардың құрылғанына – 20 жыл. Осыған орай Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары «Депутаттардың игі жұмыстары» атауымен түрлі қайырымдылық акцияларын өткізуде.

Осы аптада бір топ халық қалаулылары Жезқазған кентіндегі М.Құлышева атындағы аймақтық отбасы түріндегі балалар үйінде болып, тәрбиеленушілерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т.Хмилярчук, депутат И.Бралин жүздесу барысында балаларды жаздың алғашқы айымен келетін ең жарқын мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. 55 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мәслихат депутаттары тәтті торттар, спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты Депутаттық корпус, сондай-ақ, Астана қаласында өтетін балалар байқауына қатысатын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаржылай демеушілік жасады. Балалар үйінің басшысы Айнагүл Құлжабекова тәрбиеленушілер атынан депутаттарға алғысын айтса, тәрбиеленушілер өз кезегінде аға-әпкелеріне әзірлеген концерттік бағдарламаларын қойып берді.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.