Дербес шоттан көшірме беру тәртібі

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру мемлекеттік қызметін аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Салық басқармалары көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;

2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚҚО) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы (портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) анықтама алу үшін – нысан бойынша салықтық өтініш;

2) үзінді көшірме алу үшін – нысан бойынша салықтық өтініш.

Қағаз жеткізгіште келу тәртібінде табыс етілген анықтама алу үшін салықтық өтініш және үзінді көшірме алуға салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға салық органының белгісімен қайтарылады.

ХҚҚО-ға:

1) анықтама алу үшін – нысан бойынша салықтық өтініш;

2) үзінді көшірме алу үшін – нысан бойынша салықтық өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (анықтама) беру – салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алу үшін салықтық өтінішті (анықтама алу үшін салықтық өтініш) берген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа анықтама беру – анықтама алу үшін салықтық өтінішті берген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей; салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру (үзінді көшірме) – салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтінішті (үзінді көшірме алуға салықтық өтініш) берген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей.
Анықтаманы беру бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште жіберуді көздейтін мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн осы тармақта белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

А.Бекен, ХҚКО инспекторы.

Комментарии закрыты.