Баршамыздың міндетіміз

Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Елбасы алға тартқан сыбайлас жемқорлықпен күресу міндеті жергілікті жерлердегі құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нақты нәтижелерін көруде. Оған баспасөз беттері, теледидар арқылы беріліп жатқан хабарлар, әкімшілік істер дәлел. Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресу – баршамыздың міндетіміз.

Б.Аринова, №3 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.