Айрықша шара

20140606-04-2Халықаралық балаларды қорғау күні қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды күту орталығында да айрықша шарамен аталып өтті.

Бұл күні қаламыздағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы және оқырмандары мүмкіндігі шектеулі балаларға үлкен қуаныш сыйлады. Олар балалар назарына түрлі ертегілер желісінде қойылымдар ұсынып, жеткіншектерді викториналық сұрақтармен қызықтырып, ән-жырдан шашу шашты. Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында сурет салудан да жарыс өткізіліп, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Ертеңгілік соңында кітапхана ұжымы балаларға тәттіден сыйлық үлестірді.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс орталығында 125 бала есепте тұрып, тәрбие алады екен. Оларға заманауи талапқа сай қызмет түрлері көрсетіліп келеді. Балаларды оқыту, ойнату, ой-өрісін дамыту мақсатында арнайы мамандар жұмыс істеп, ата-аналардың көңілінен шығуда.

Міне, мереке қарсаңында қаламыздағы рухани орталықтан да мамандар арнайы келіп осындай ертеңгілік өткізіп, балалардың есінде қаларлықтай кеш сыйлады. Мұндай іс-шаралар келешекте де ұйымдастырылып тұратын болады, дейді орталық мамандары.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.