Адам құқықтары түралы конвенция

20140606-02-2Конвенция («Conventio») деген сөз латын тілінен аударғанда келісім мағынасын білдіреді. Кез-келген сала қызметкерлерінің құқықтары, мемлекеттік, халықаралық мәселелер өзара келісімге келу, адамгершілік құқықтардың сақталуы арқылы жүзеге асырылады.

Жақында №16 мектепте «Адам құқықтарының конвенциясы» тақырыбында Сәтбаев қалалық сотының судьясы Ербол Қуанышев жиналыс өткізді. Жиналысқа прокурордың көмекшісі Төлеген Сейфуллин қатысып отырды. Бұл жиын арнайы мектеп директорлары мен балабақша басшылары үшін ұйымдастырылды.

Ербол Арқашұлы жалпы адам құқықтарына тоқтала келе, оқушылармен тығыз байланыс жасайтын ұстаздар қауымының еңбегіне баса назар аударды. Оқушылардың жайын жеңіл қарауға келмейтіні анық. Ербол Қуанышев баламен жұмыс жасағанда психологиялық іс-шараларды жиі қолдануды ұсынды. Әдетте тұрмыстағы жоқшылықтан, ата-ананың ұқыпсыздығынан бала тәртібі нашарлайды. Бүгінгі таңда оқушының мектеп табалдырығын аттағаннан он бірінші сыныпты тәмамдап шыққанша барлық жағдайы қамтылған. Қит етсе сынып жетекшісі мен ұстаздарды сөгетін жайымыз тағы бар. Е.Қуанышев осындай мәселелерді ескере отырып, ұстаздардың да адами құқықтарына тоқталды. Әсіресе, түнгі кезекшілікке баса назар аударып, бұл ұстаздардың негізгі міндетіне жатпайтындығын қадағалап айтты.

Мөлдір Мұқатова. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.