Ғаламдық дертке айналған мәселе

20140613-08-01Бүгінгі таңда ғаламдық дертке айналған мәселелердің бірі – діни ахуал. Бүгінде көрініс тауып отырған діни қақтығыстармен күресу аса сақтық пен сауаттылықты қажет етеді. Жақында осы мәселелерді қала тұрғындарына Қарағанды облысының «Діни психологиялық-құқықтық консультация орталығы» мамандары егжей-тегжейлі түсіндірді.

Орталықтың төрағасы Давлат Мырзахметов пен орынбасары Николай Мерзляков ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне экстремистік, террорлық әрекеттердің жастар арасындағы жедел түрде даму тұрғысын қарастырды. Жиналысқа Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі басшысы Жалғасбек Жақаев, ІІБ бірінші орынбасары Думан Мағзиев қатысып отырды.

Қазақстанда 2000 жылдан бастап интернет желілерінде көрініс бере бастаған экстремистік топтардың әрекеттері бүгінгі таңда кеңінен етек жайып отыр. Семинар-тренингта ең әуелі жастарды ауыздықтауға тырысатын теріс пиғылды лаңкестердің қандай жүйеде жұмыс жасайтындығы толық атап көрсетілді. Қазақстандағы ұйымдасқан топтар мен интернет желісін кең пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер көрермен назарына ұсынылды. Мамандар олардың қарапайым адамнан еш айырмасы болмауы мүмкін екендігін де алға тартты. Арнайы дәрісті қарағандылық мамандар мемлекеттік қызметкерлер арасында да өткізді.

Мөлдір Мұқатова. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.