Үздіктер слеті

20140613-08-02

Қаламыздағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте «Үздіктер, белсенділер, спортшылар» атты мектепішілік оқу озаттарының, белсенді және спорттың әр түрінен жарыстарда жеңімпаз болған оқушылардың І Слеті өтті.

«Балаға мейірімді мектеп» халықаралық жобасында жұмыс жасап келе жатқан №16 орта мектебінің оқушылары 2013-2014 оқу жылында түрлі білім, ғылым, өнер және спорт саласында айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, республикалық, халықаралық байқаулар мен жарыстардың жеңімпазы атанып, жақсы нәтижелер көрсетті.

Слет аясында мектеп директоры Қайрат Смаилов жиынға қатысушыларды құттықтап, 2013-2014 оқу жылында атқарылған жұмыстарды, жетістіктерді тілге тиек етті. Оқу жылын үздік аяқтаған оқу озаттары «Оқу озаты», мектептің, қаланың қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан жоғары сынып оқушылары «Жыл белсендісі», халықаралық, республикалық, қалалық жарыстардың жеңімпазы болған оқушылар «Спорт майталманы» және «Жас спортшы» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды.

Мектеп тек қана мектеп қабырғасындағы үздік оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар, мектеп түлектерімен үзбей қарым-қатынас жасап, оларды да мақтан етеді. Солардың ішінде іс-шараға мектептің түлектері, спорт шеберлері, бокстан республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Алмаз Тілеубергенов бен Әділхан Амангелді осы Слеттің құрметті қонағы ретінде қатысты. Шара соңында Қазақстан тарихы пәнінен халықаралық интернет олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегер болған мектептің 7 сынып оқушысы Ақжол Мирхаятовқа күміс медаль табысталды.

Г.Бокаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.