Қадырлық өзгерістер бар

20140613-02-01Қала әкімі Әнуар Омар сейсенбі сайынғы кеңейтілген аппарат отырысын кадрлық өзгерістерден бастады.

«Сәт Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрболат Байыршовтың басқа қалаға ауысуына байланысты аталмыш лауазымға ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің бұрынғы басшысы Амантай Әбілқасымов тағайындалды. Әнуар Серікбайұлы А.Әбілқасымовты жаңа қызметімен құттықтап, қала әкімінің Құрмет грамотасы мен ескерткіш сыйлық тапсырды.

Келесі кезекте «Сәт Тазалық» ЖШС директоры қызметіне тағайындалған Игорь Шишкинді активке таныстырып, еңбегіне жеміс тіледі.

И.Ю.Шишкин Қарағанды қаласының тумасы. 1995-2003 жылдар аралығында Қарағанды қаласының «Достар» Корпорациясының қауіпсіздік қызметінде, 2003-2009 жылдары бизнес және көлік қызметі, жаяужол қаптайтын кірпіш өндірісі салаларында еңбек етті.

2010 жылдан тағайындауға дейін Қарағанды қаласының «Гигант» фитнес орталығының директоры қызметін атқарған.

Одан әрі қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты бірнеше мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың ақпараты тыңдалды.

2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жөнінде баяндаған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б.Жақсыбаевтың айтуынша, 1-2 жылу станциялары бойынша үш қазандықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қаланың эпидемиоло-гиялық жағдайына келсек, туберкулезбен қайталап ауырған 2 жағдай тіркелген. Біреуі – зейнеткер, қалалық емханаға, біреуі №6 ОДА-ға қарасты. Сондай-ақ, осы аралықта 2 – желшешек, 2 – қызылша, 8 жедел вирустық инфекциямен ауырғандар тіркелген. Ит пен мысық тістеу оқиғалары әлі де тоқталған жоқ.

Жиынды қорытқан қала әкімі өткен тапсырмалардың орындалуын пысықтап, жаңа міндеттер жүктеді. Мектептердің сапалы жөндеуден өтуіне, жазғы демалыс алаңдарының жұмысы мен балалардың тамақтануына басты назар аударуды тапсырды. Сөз соңында қалада өткен екі күндік командалық-штабтық оқу-жаттығуда жақсы нәтижеге жеткен бөлім басшыларына алғысын білдірді.

Майра Смағұлқызы. Суретті түсірген Айым Бектас.

Комментарии закрыты.