Діни сауаттылық — әркімге міндет

20140613-02-02Өткен аптада Діни сенім сұрақтары бойынша Қарағанды облысының дінаралық қатынастарды зерттеу орталығының директоры Жандос Нығыман Сәтбаев қаласының мемлекеттік қызметкерлерімен жүздесті.

Кездесуді ашып, жүргізген Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар облыстан келген орталық директорын таныстырып, оның кенді аймаққа келудегі мақсатын түсіндірді. Мақсат – бүгінде өзінің өзектілігін жоймай отырған діни экстремизмнің алдын алу жайлы мемлекеттік қызметкерлерді ақпараттандыру және олардың діни сұрақтарға қатысты білім көкжиегін кеңейту болды. Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен жүздесу барысында орталық директоры Жандос Нығыман қоғамның дертіне айналған діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған өз орталығының жұмысы мен қызметі жайында баяндап, ислам діні жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Мемлекетіміздегі Дін істері агенттігінің жұмысына тоқталып, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заң жөнінде түсінік берді. Теріс бағыттағы кереғар діни ағымдардың қоғамға тигізіп отырған зиянды әсері және оның құрбандары жайлы мәліметтерді өмірдегі деректерге сүйене отыра әңгімелеп, «салафизм», «жихад» сынды діни терминдердің толықтай мәнін түсіндіріп берді. Жастардың санасын улап жатқан түрлі секталардың мемлекетке әкеліп отырған қауіп-қатері жөнінде ой қозғап, оның алдын алуға бағытталған кеңестерімен бөлісті.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.