Командалық-штабтық оқу-жаттығу

20140613-12-01-1

Өткен аптаның соңында Сәтбаев қаласында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі командалық штабтың екі күндік оқу-жаттығулары болып өтті. Ол Сәтбаев қалалық әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысымен басталды.

Отырысқа Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов және осы департаменттің қызметкерлері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның мүшелері, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің, мемлекеттік мекеме, ұйым және кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Алқалы жиында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов баяндама жасады.

Бұдан соң Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқарма басшысы Евгений Лохнов Сәтбаев қаласының аумағында өтетін командалық-штабтық оқу-жаттығулар тәртібімен, Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі инспекторы Ғани Қасымов Сәтбаев қаласы әкімінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою қалалық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі туралы өкімімен таныстырды.

20140613-12-01-320140613-12-01-420140613-12-01-2Комиссия отырысынан соң командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.

Оқу-жаттығулар негізінен бейбітшілік жағдайда және соғыс жағдайында болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару жұмыстары бойынша екі мезгілде өтті.

Оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық жедел штабының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оған құқық қорғау органдары, қалалық әкімдіктің, медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығулар барысында төтенше жағдайларға қарсы іс-шараларды өткізуде күш құрылымдарының, түрлі мемлекеттік органдар мен өңір ведомстволарының арасындағы өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде өзара ақпарат алмасудың тиімділігі мен іске асырылуы тексерілді.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қатпановтың айтуынша, мұндай командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады екен.

– Осыдан төрт жыл бұрын өткен оқу-жаттығу қорытындысында сәтбаевтықтар үлкен дайындық жұмыстары мен ұйымшылдық көрсетіп, жақсы деген баға алыпты. Бұл жолы да сондай үрдістен көріне алды. Оқу-жаттығу шараларының нәтижесі бойынша Сәтбаев қаласының күш құрылымдары кез келген төтенше жағдайларға сақадай сай әзір екендіктерін дәлелдеді, – дейді департамент бастығының орынбасары.

Ізтай Белгібайұлы. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.