Қызықты каникул күндері

20140613-12-02Жаз мезгілі – оқушылардың асыға күтетін шағы. Уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты нығайту бүлдіршіндер үшін аса қажетті. Осы мақсатта қала бойынша барлық мектепте жазғы сауықтыру алаңдары жұмыс істей бастады. Жақында Абай атындағы №4 мектептің «Балдырған» сауықтыру алаңының ашылу меркесіне қатысып қайтқан едік.

Концерттік бағдарламаның басында мектеп директоры Гүлмира Жаппасова сөз сөйлеп, балғындардың демалыстары сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Мектеп ұжымы ертегі кейіпкерлері кейпінде балалар арасында түрлі ойындар ұйымдастырды. Балалардың өздері де флеш-моб билеп, ән айтып, қуанышты көңілдерін жасырмады.

– Біз екі маусыммен жұмыс істейміз. Осы маусымға 120 бала қатысса, келесі маусымда 100 бала демалады деп күтілуде. Балалар бес топқа бөлінген, әрқайсында 25 оқушыдан. Сауықтыру алаңына оқушылар 1-сынып пен 7-сынып арасынан іріктеліп алынды. Олар ең бірінші әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары, дәрігерлік есепте тұрған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар. Балалардың демалысты жақсы өткізулеріне барынша тырысамыз. Бұл жерде үш мезгіл тамақ беріледі. Түскі уақыттағы ұйқылары, түрлі ойындар қамтылады. Таңертеңгі сегіз жарымнан, кешкі бес жарымға дейін жұмыс істейміз, – дейді сауықтыру алаңының жетекшісі Гүлдәурен Қасымова.

Мөлдір ЕРҒАЗЫҚЫЗЫ. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.