Алғыс арқалаған ұжым

Сәтбаев қаласы Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының президенті, І дәрежелі терапевт маман Қожахметов Мағзұм Омарұлы басқарып отырған №6 ОДА өздерінің төл мерекесіне толайым табыстармен жетіп отыр. Медицина саласының жаңа қызмет көрсету форматына көшкен бұл отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда 4 білікті дәрігер, 17 медбибі келушілерге қызмет жасайды. ОДА-да қалыптасқан ем-дом жасайтын бөлмелерден бөлек, ана мен бала денсаулығын қадағалайтын арнайы бөлме де халық игілігінде. Соңғы талаптарға сәйкес, мұнда барлығы компьютерлік жүйеге қосылған. Ұжымдағы ақ халатты жандар үнемі өз білімдерін жетілдіріп отырады. Бір сөзбен айтқанда, №6 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның дәрігерлері заманға сай өз емделушілеріне қызмет жасап, халықтың ақ батасын алып жүр.

20140613-01-01

Комментарии закрыты.