Балалықтың бақытты шақтары

20140620-12-3Балалардың ерекше қуанышпен күтетін мезгілі – жазғы демалыс. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, денсаулығын нығайту, интеллектуалдық тұрғыдан дамыту мақсатында №3 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдәурен» сауықтыру алаңы өз жұмысын бастап та кетті.

6-26 маусым аралығын қамтитын алаңда толық емес, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары және қамқорлыққа алынған, дәрігерлік есепте тұрған оқушылар сауығуда. Мұнда 4 топта №3 мектептен – 50, №5 мектептен – 40, барлығы 90 оқушы көңілді демалуда.

Демалушы балалардың әр күнін көңілді өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Алаңда жоспар бойынша үнемі қызықты іс-шаралар, ойындар, сайыстар ұйымдастырылуда. Бос уақыттарында балалар кітапханаға барып ой өрісін кеңейтсе, оқушылар сарайы ұйымдастырған іс-шараларға қатысып марапаттауларға ие болып жатыр. Демалушылардың шат күлкіге толы жүздерін көріп, алаңның әр күні балалықтың бақытты шақтары болғанына сеніміміз мол.

Г.Ажибаева, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.