«Жастар аллеясының» аты өзгертілді

20140620-12-1-120140620-12-1-2Қ.Сәтбаев даңғылы бойындағы өткен жылы ашылған «Жастар аллеясы» қала әкімінің бұйрығымен «Жастар арбаты» болып өзгертілуіне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізілді.

Шағын концерттік бағдарламада «Маюри» би тобы және жас рэперлер өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, скейтборд, велосипедпен жарыс, қылқалам мен және асфальтқа сурет салудан байқаулар өтті.

Асфальт бетіне сурет салу байқауының жеңімпаздары атанған дарындыларды орталық директоры Н.Наурызбаев марапаттады. ІІІ-ші орынды – №3 мектеп оқушысы Ерлібек Ерасыл, ІІ-ші орынды – №27 орта мектеп оқушысы Асқарбекова Жұлдыз, ал І-ші орынды №7 мектеп оқушысы Ахмедия Салауат жеңіп алды. Осы мерекелік іс-шараға балалар өнер мектебінің жас суретшілері де өз үлестерін қосты. Мектептің бөлім меңгерушісі Э.Артестің шәкірттері – Ахатай Айым, Ибраева Аяжан, Абдибекова Жансая, Халекова Дарья Сәтбаев қаласының әсем де әдемі табиғатын балалар көзімен бейнеледі. «Жастар арбаты» тек демалыс орны ғана емес, жастардың іс-шараларға қатысып, өздерінің бойындағы өнерлерін ашуға, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткіні, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.

Салауатты өмір салтының әсіресе жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Алда осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, қала тұрғындарының қызығын одан әрі арттыра түспек.

Мадина Солохадин. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.