Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері!

20140620-01-1Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құтықтаймыз!

Бұл күні біз қазақстандық полицияны құруға атсалысқан және онда қызмет етуші жандарды құрметтеп ұлықтаймыз. Өз ісіне жауапкершілікпен қараған, халықтың мақтанышы болып, елдің сенімін ақтаған ардагерлеріміздің бай тәжірибесі – бүгінгі күннің жетістіктері. Әрқашан да халыққа көмек көрсетуге, қол ұшын беруге дайын ағаларымыз өскелең ұрпаққа, жас қызметкерлерге өнеге, үлгі болып келеді. Сондай-ақ, бұл күні бейбітшілік заманда еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиған жандарды еске аламыз.

Елбасы Н.Назарбаев еліміздің жарқын болашағының кепілі – Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыруға бағыт алған барша қазақстандықтардың алдына адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалын орнату мақсатын қойды. Бұл орайда сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі және сіздердің оларды абыроймен атқаратындарыңызға біз сенімдіміз.

Осындай айтулы мереке қарсаңында баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.