«ТАБИҒАТ – туған анамыз»

Жақында №7 мектеп қабырғасында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Табиғат – туған анамыз» атты экологиялық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге, оған қамқорлық, жанашырлық танытуға баулу болды. Оқушылардың табиғат жөніндегі ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеуді көздеген отырысқа кітапхананың тұрақты оқырмандары Шаймонова Гульмира, Бекмуратова Бахтинисо, Шаймонова Сабида, Куватова Мадина қатысты.

Сабақ барысында табиғат жайлы сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, мақал-мәтелдерден жарыс өткізілді. Кітапхана қызметкері Ф.Дүзбаева қатысушыларды табиғат туралы кітаптармен және көрмемен таныстырды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.