Ұжым болып КҮРЕСЕМІЗ

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыста басқарма басшысы Б.Шәкенов төрағалық етті.

Басқарма басшысы Б.Шакенов өз сөзінде Ел Президенті сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл тек ымырасыз жазалау шаралары ғана емес, сонымен қатар, мемлекет пен қоғамның толыққанды әрі кешенді жұмысы екендігін атап өткен болатын. Басты міндет – қазынашылық қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтың орын алуы ықтимал салаларды алдын-ала анықтау және қазынашылық қызметкерлері мен мемлекеттік мекемелер арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беретін жағдаяттарды жою деп атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында өтетін жиналыстарда ұдайы түрде талқыланады. Қызмет этикасын сақтау мен сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді.

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық құбылыстарына жол бермеу және алдын алуға қатысты барлық қажетті шаралар қабылданған.

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында тұрақты сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефондары арқылы түскен барлық хабарламалар арнайы журналға тіркеледі,міндетті түрде бақылауға алынады және заңнамада белгіленген мерзімде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында басқарма қызметкерлерімен тоқсан сайын отырыс өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, басқармада шағымдар мен ұсыныстар үшін арнайы жәшіктер орналастырылғанын айтты.

Бүгінгі өмір көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес оңай жұмыс емес, оны тек жоғарыдан жасалған нұсқаумен, атқарушы билік ұйымдастырған шаралармен ауыздықтау мүмкін емес. Сондықтан, оған ел болып кіріскенде ғана жолымыз оңға басады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тізе қосып, күш біріктіріп жұмыс істеу керек.

Отырыс соңында басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этикасы, жалпы ар-намыс, адамгершілік туралы ойларын ортаға салды.

Р.Шертаева, Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.

Комментарии закрыты.