Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері қүнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күнде біздің тілшілер қауымы өздерінің белсенді ұстанымдары, Қазақстан қоғамының мүддесі мен қажеттіліктерін айқындап көрсетуге деген құлшыныстарымен елімізде береке мен бірлікті нығайтуға зор үлес қосып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды өркендету жолында қойған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға тікелей атсалысуда.

Сіздердің халыққа маңызды жаңалықтарды оралымды әрі сапалы жеткізе алуларыңыз құрметке лайық. Саясат, экономика, мәдениет және спорт мәселелерінде бұқаралық ақпарат құралдары көптеген қазақстандықтардың адал әрі сенімді серіктеріне айналды.

Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасап жатқан ерен еңбектеріңізге табыс тілейміз! Қаламдарыңыз қарымды болып, кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін, ал ақпараттарыңыз әр адамды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар.

Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.