Жас әншілер байқауы

20140704-08-1-220140704-08-1-1Оқушылар сарайында «Екі жұлдыз» ән байқауын өткізіп тұру дәстүрге айналған. Жас әншілердің музыкаға деген құлшынысын арттырып, шыңдалуға мүмкіндік беретін бұл байқау биыл жазғы сауықтыру алаңында демалып жатқан оқушылар арасында өтті.

Қазылар алқасының мү­шесі, оқушылар са­райының көркем музыка бөлімінің жетекшісі Маржан Жалбырова жас өрендердің шығармашылығына мол табыс тіледі. Байқауға қала мектептері бойынша 9 жұп қатысып, бақ сынасты. Балғын әншілерден құ­ралған топтар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әндер шырқап, би билеп сауықтыру алаңы­ның бір күнін қызықпен өткізді.

Ынта-жігерлерін байқауға салған С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары Ақбота Жағыппар мен Дана Асқардың өнері ІІІ орынға лайық деп танылса, №4 Абай атындағы лицей-мектептің оқушылары Ах­метова Дильназ бен Жалғас Ер­асыл ІІ орынға табан тіреді. Ал, І орын №5 орта мектептің оқу­шылары Нодира Тинилбаева мен Ақтолқын Құт­тыбаеваға бұйырды.

Байқаудың бас жүлдесін №25 орта мек­тептің оқушы­лары Милана Качанова мен Нигина Зарипова иеленді.

Ән сайысына қатысқан барлық балалар оқушылар сарайының ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.