Қош бол, достар!

20140704-08-2Әр баланың денсаулығын нығайтып, өмірлік көзқарасына оң әсер ететін, демала отырып, қабілет ерекшеліктерін ұштайтын, белгілі деңгейде еңбек, өнер, спорт дағдыларына баулитын мазмұнды демалысты ұйымдастыру мақсатында №3 мектептің жанынан ашылған «Балдәурен» алаңының жазғы 1-ші маусымы да аяқталды.

Бірінші кезеңнің жабылу салтанаты ерекше жағ­дай­да өтті. Іс-шараға лагерь тынығушыларымен қатар, ата-аналар, тәрби­е­шілер де қатысты. Сал­та­натқа жинал­ған бала­лардың жүздері қуа­ныш­тан бал-бұл жанады. Тәр­­би­ешілер көбелек, араның костюмін киіп, әр­түрлі қойылымдармен балалардың көңілін бір көтеріп тастады. Олар ға­жайып гүлмен бал ашып, түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді. Әр отряд қызықты ойындар, музыкалық нөмірлер дайындап келіпті: ән шырқалып, би биленді, түрлі ойындар көрсетілді. «Қуыршақтар», «Үнді» билері де жиналғандарды тамсантты. Қолдас Фаризаның «Гүл-көбелек», Берлібек Ерасылдың «Жүрдек поезд» әндері кө­рер­менге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеп директоры Шолпан Адамянова балаларды лагерь маусымының аяқталуымен құттықтап, сауықтыру ала­ңында жұмыс істеген барша тәр­биешілерге, медбикелерге, аспаздарға ризашылығын білдірді. Ата-аналар атынан Анар Берликулова алғысын білдірді. Лагерь басшылары А.Садуақасова мен Г.Ажибаева лагерьдің шығармашылық өмі­ріне белсенді қатысқан барлық балаларды грамоталармен марапаттап, тәттілер сыйлады.

Иә, қызыққа толы күндер де әне-міне дегенше өте шықты. Демалу бағдарламасы да өз мақсатына жетті. Балалар бір-бірімен қимай қош­тасты. Әрине, «Балдәурен» сауықтыру алаңы өз жұмысын тоқтатпайды, ба­лалардың демалысын қызы­қты, әрі мазмұнды өткізуді жалғастырады. Бар­лық тәрбиешілерге, демалу­шыларға сәттілік тілейміз.

Р.Есімсеитова, бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.