Лагерьдегі қызықтар

20140704-08-4Біздің №19 мектептің жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында 80 оқушы жазғы демалыс уақыттарын көңілді әрі қызықты өткізуде. Оның көбісі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасыларынан, қамқорлыққа алынған, дәрігер қарауына тіркелген оқушылар.

Лагерьде әр түрлі іс-шаралар, эстафеталық ойындар өткізіледі. Оқушылар «Сұңқар» клубында спорттық ойындарға қатысып жә­не оқушылар сарайының «Күн­шу­ақ-2014» жазғы клубында өт­кізіл­ген әр түрлі іс-шараларға қатысты. Атап айтсақ, «Бейне-бум» сайысына қатысып, «Ең үздік бейнебаян» номинациясын иеленді, «Екі жұлдыз» сайысында Сапар Ақнұр, Ноқажан Анар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылар батутқа, циркке барып, жақсы көңіл-күйлерімен қайтты. Оқушылардың жазғы демалыс уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізулеріне ықпал еткен білім бөліміне, мектеп басшыларына ата-аналар тарапынан алғыстар айтылуда.

А.Шотыбасова, «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының басшысы.

Комментарии закрыты.